Қорғаныс министрлігінің мәліметінше, Airbus Defence and Space компаниясымен 2021 жылы жасасқан келісімшартқа сәйкес, екінші ұқсас ұшақ 2026 жылы жеткізіледі, деп хабарлайды Newsroom.kz тілшісі inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.
Әскери-көлік ұшағының салмағы 37 тоннаға және толық тиелген кезде ұшу қашықтығы 3,3 мың км-ге дейін жетеді. Еліміз әлемде осындай ұшағы бар тоғызыншы мемлекет.
Airbus A400M – әртүрлі міндеттерді шешуге қабілетті әмбебап ұшақ. Ол ауыр техниканы, оның ішінде бронетранспортерлерді, артиллериялық қондырғылар мен тікұшақтарды тасымалдайды.