Қазгидромет ел аумағына түнгі аяз жылжып келе жатқанын мәлім етті. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі Ulysmedia.kz сайтына сілтеме жасап хабарлайды.
“Қазақстанның басым бөлігіндегі ауа-райын атмосфералық фронтальды бөлімдер анықтап, тұрақсыз ауа-райын әкеледі: бұрқасынмен қар, оңтүстік өңірлерде - жауын-шашын (жаңбыр, қар) және көктайғақ күтіледі. Еліміздің батысында антициклонның әсерінен жауын-шашынсыз ауа-райы сақталады” делінген хабарламада.