Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

Сингапур қалай дамыды?

Бүгінде 5,8 млн халқы бар дамыған мемлекет Сингапур жайлы деректерді назарға ұсынамыз,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сингапур қалай дамыды?
Фото: Planet of Hotels

Ли Куан Ю қабылдаған шаралар

1965 жылы Британиядан тәуелсіздігін алған Сингапурдың болашағы бұлыңғыр болды.  Елде табиғи ресурстар жетіспеді. Тіпті, тұщы су мен құрылысқа қажетті құмды да сырттан әкелуге тура келді. Елдегі орын алған сансыз келеңсіздіктерді жеңіп шыққан адам – Ли Куан Ю. Ол 1959 жылғы маусым айында «Ұлт қозғалысы» партиясымен бірге сайлауда жеңіп шығып, премьер-министр лауазымына ие болды. Жоғары дәрежелі британдық білім алған көшбасшылар өздерін «Жаңа партия» деп атады.

Билікті қолына алған партия әлеуметтік, құқықтық, экономикалық салаларда бірден тәртіп орната бастады.

Реформалар

Сингапурде жемқорлық деңгейі азайғанымен, ел экономикасын көтеру үшін көп қаржы керек еді. Ел аумағында қажетті минералдардың, тұщы судың болмауы ауыл шарушалығын дамытуда үлкен қиындық тудырды. Экономиканы көтерудің бірден-бір жолы шетелден инвестиция тарту ғана болды.

1960-шы жылдары Қытай өз шекараларын жауып, шетелдік капиталдың кіруіне рұқсат бермеді. Содан Сингапур, Гонконг, Оңтүстік Корея сияқты елдерге жаңа мүмкіндік пайда болды. Ли Куан Ю үкіметі бұл жағдайды тиімді пайдаланып, шетелдік капиталды өздеріне тарту үшін бар күш-жігерін жұмсады. Сол себепті шетелдік компаниялар үшін барлық қолайлы жағдайларды жасады.

 

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату