Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
4 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Әлем

КДР-да белгісіз аурудың салдарынан 143 адам қаза тапты

Қараша айында Конго Демократиялық Республикасының оңтүстік-батыс провинциясында белгісіз ауру 143 адамның өмірін қиды,- деп хабарлайды newsroom.kz

КДР-да  белгісіз аурудың салдарынан  143 адам қаза тапты
Фото: Theguardian

Мәліметтер бойынша, жұқтырған адамдарда тұмауға ұқсас белгілер қызу көтерілу және бас ауруы болған.Науқастардың басым көпшілігі емделмегендіктен өз үйлерінде қайтыс болған.

Жергілікті эпидемиологтың айтуынша, бұл аурудан ең ауыр зардап шеккендер әйелдер мен балалар.

Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымының өкілі сейсенбіде БҰҰ денсаулық сақтау агенттігі өткен аптада аурудың бар екендігі туралы ескертілгенін және ол DRC денсаулық сақтау министрлігімен бірге қосымша зерттеулер жүргізу үшін жұмыс істеп жатқанын айтты.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату