Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
3 желтоқсан, 2024 / Перизат Ілес / Экология

Алматыда тазалық апталығында көшелерден 10 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды

Алматыда 25-30 қараша аралығында «Таза Қазақстан» жалпы республикалық бағдарламасы және «Алматы – біздің ортақ үйіміз» қалалық науқаны аясында күзгі және қысқы маусымның аяқталуына орайластырылған ауқымды тазалау жұмыстары жүргізілді,- деп хабарлайды newsroom.kz

Алматыда тазалық апталығында көшелерден 10 мың текше метрден астам қоқыс шығарылды
Фото: newsroom.kz

Көше-жол желісі, қоғамдық орындар, өзен арналары, көше урналары және арық желісі қамтылды.

Тазалық апталығы аясында қалалық коммуналдық қызметтер қаланы суыққа және қарға дайындауды аяқтады. Қысқы кезеңде қалаға қызмет көрсету үшін 841 бірлік техника мен 1 400 жол жұмысшысы тартылатын болады. Жұмыстарды тиімді жүргізу үшін «Алматы тазалық» МКК автопаркі 32 заманауи машинамен толықтырылды. Санитарлық тазалау жалпы ауданы 25,1 млн шаршы метр 2 777 км 2 318 көшені қамтиды.

Күн сайын 80 бірлік техника мен 320 жұмысшы арық желісінен шамамен 160 текше метр сметаны, лай мен қоқысты шығарады. Шығарындылар негізінен пластиктен және жапырақтардан тұрады.

«Eco Almaty» ЖШС әл-Фараби даңғылынан Сәтбаев көшесіне дейінгі учаскеде Үлкен Алматы өзендерінің арналарын; әл-Фараби даңғылынан Шевченко көшесіне дейінгі учаскеде Есентай, сондай-ақ Алматы қаласының шегінде ұзындығы 19,2 км Д. Қонаев атындағы ҮАК тазартты. 

Бұдан басқа, «Таза Қазақстан» тұжырымдамасына сәйкес әзірленген жаңа ережелер аясында бүгінде 2 мыңға жуық кәсіпкер абаттандыру паспорттарына қол қойды. Бұл шаралар алматылықтар мен қала қонақтары үшін қолайлы, қауіпсіз және экологиялық жағдай жасау стратегиясының бір бөлігі болып табылады.

Жалпы, бүгінде 10 493,5 текше метр қоқыс, оның ішінде 4 408 текше метр жапырақтар жиналды.

Гүлзарларда, саябақтарда және басқа да қоғамдық орындарда тәртіп орнату жөніндегі іс-шараларға белгілі мәдениет қайраткерлері, спортшылар, жастар және белсенді қала тұрғындары қатысты.