Ресей
Ресейдегі қазақтардың саны 2021 жылғы санақ бойынша 592 мың адамды құрайды. Олардың басым үлесі Астрахан, Саратов, Омбы, Самара, Орынбор, Челябі және Волгоград облыстарын, Алтай өлкесі мен Алтай Республикасын мекендейді.
Қытай
Қытай қазақтары негізінен Шыңжаң-Ұйғыр автономиялық ауданында, оның ішінде Іле-Қазақ автономиялық округінде, Алтай, Тарбағатай округтерінде, Санджи-Хуэй автономиялық округінде, Үрімші қалалық округінде, Хами округінде, Боротала-Моңғол автономиялық округінде шоғырланған. Статистикалық деректер бойынша Қытайда 1,6 миллионғажуық қазақ тұрады.
Өзбекстан
Өзбекстанның Статистика жөніндегі мемлекеттік комитетінің 2021 жылы жариялаған мәліметіне сәйкес қазақтардың саны 821,2 мың адамдықұрайды. Өзбекстан қазақтарының негізінен тұру аймақтары Қарақалпақстан, Ташкент, Науаи, Жизақ, Сырдария, Бұхара және Хорезм облыстары мен Ташкент қаласы.
Мәліметтер бойынша, қазақ диаспорасы шоғырланып тұратын елдер қатарында Моңғолияны (125 мыңнан астам), Қырғызстанды (35 мыңнан астам), Түркияны (30 мыңнан астам), Еуропа (5 мыңнан астам), Иран (10 мыңнан астам) мен Түркіменстанды (9 мыңнан астам) атауға болады.