Мәліметтер бойынша, операның басты кейіпкері – Хан Сұлтан Жошы ханның үшінші әйелі, Алтын Орданың билеушілерінің бірі- Берке ханның анасы. Ол ақылдылығы, қайсар мінезі және саяси көрегендігінің арқасында Алтын Орда тарихындағы маңызды тұлғаға айналып, өзін де, ұлдарын да Жошы ұлысындағы басты қайраткерлердің қатарына қосты.
Алтын Орда мұрасы түркі халықтарын біріктіретін рухани қазына болып табылатындықтан, операның қойылуына түркітілдес елдердің ғылыми орталықтары мен ғалымдары зор үлес қосты. Опера жазу барысында Алтын Орда мен түркітану саласының ғалымдары, атап айтқанда Алтын Орда және татар хандарын зерттеу орталығының жетекшісі Ильнур Миргалеев, Ыстамбұл, Мармара университетінің профессоры Ілияс Кемалоглу және тарих ғылымдарының кандидаты Нұрлан Атығаев ғылыми кеңесші ретінде қатысты,- деп хабарланды.