Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі мәліметінше, жыл басынан бері 16 535 этникалық қазақ тарихи отанымен табысып, қандас мәртебесін алған.
Биыл қандастардың басым көпшілігі келген елдер:
Қытайдан – 45,9%;
Өзбекстаннан – 39,2%;
Моңғолиядан – 5,8%;
Түрікменстаннан – 5,2%;
Ресейден – 2,8%;
басқа елдерден – 1,1%.
Мәліметтер бойынша, жалпы 1991 жылдан бері республикаға 1 млн 144,9 мың этникалық қазақ оралды.