Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Медицина

Тұмау жұқтырып алсаңыз не істеу керек?

Тұмау індеті кезінде қоршаған ортаға ауру жұқтырмау үшін үйде қалу және дер кезінде емделумен үшін дәрігерге дереу қаралу қажет,- деп хабарлайды newsroom.kz

Тұмау жұқтырып алсаңыз не істеу керек?
Фото: Dela.ru

Тұмауда өзін- өзі емдеуге болмайды. Дәрігердің өзі сіздің жағдайыңыз бен жасыңызға сәйкес  диагноз қойып, қажетті емді белгілеуі қажет.

Тұмаудың белгілері біліне бастағанда жұмысқа, оқу орындарына барудың қажеті жоқ, науқас баланы балабақша, мектеп, мәдени- көпшілік іс- шараларға жібермеңіздер. Егер Сіз тұмау немесе ЖРВИ- мен ауырған болсаңыз барлық ауырған кезеңде және ауру белгілерін шешкеннен кейін 24 сағат бойы үйде қалыңыз. Барынша басқа отбасы мүшелеріне жақындамауға тырысыңыз.  Бұл Сіз басқа адамдарға жұқтырмау және одан әрі вирусты жұқпаны таратпау үшін қажет.

Мамандардың айтуынша, науқас жатқан бөлмені жиі желдетіп, күнделікті дезинфекциялау құралдарымен еденді сүртіп тазартқан жөн. Тұмаумен ауырған науқас адамды күтуші және қарым-қатынаста болатын тұлғалар медициналық бетперде (дәке танғыш) киюі керек, оны 3-4 сағат сайын айырбастау қажет.