weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
22 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Пәкістанда тұрғындарға шабуыл жасалып 42 адам мерт болды

21 қарашада Пәкістанның солтүстік-батыс өңірінде бір топ қарулы адам шииттер мінген автокөліктерді атқылады. Шабуылдан кем дегенде 42 адам қаза тауып, жиырма шақты адам жараланды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Inbusiness.kz сайтына сілтеме жасап.

Пәкістанда тұрғындарға шабуыл жасалып 42 адам мерт болды
Фото: Риа Новости

Әзірге бейсенбідегі шабуыл жауапкершілігін ешкім мойнына алған жоқ. Қанды оқиға биліктің өңірдегі маңызды автожолды қайта ашқанына бір апта өткеннен кейін болып отыр.

Жергілікті полиция шенеунігі Азмат Әлидің айтуынша, бірнеше автокөлік Парачинар қаласынан Пешаварға бара жатқан уақытта содырлар шабуылы басталған. Полиция өкілі ауруханаға түскен кем дегенде 10 жолаушының жағдайы ауыр екенін айтты.

Пәкістанның ішкі істер министрі Мохчин Накви атысты "террорлық шабуыл" деп атады. Премьер-министр Шехбаз Шарив, президент Асиф Әли Зардари шабуылды айыптады. Шаривтің мәлімдеуінше, бейбіт тұрғындарға қастандық жасағандар жазасыз қалмайды. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→