weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
21 қараша, 2024 / Арайна Арайқызы / Әлем
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Путин Солтүстік Кореяға арыстандар мен аюларды сыйға тартты

РФ президенті Владимир Путин Солтүстік Кореяның зообағына арыстандар мен қоңыр аюларды сыйға тартты

Путин Солтүстік Кореяға арыстандар мен аюларды сыйға тартты
Daily Storm

Ресей Федерациясының президенті Владимир Путин Солтүстік Кореядағы ең үлкен хайуанаттар бағына 70-тен астам жануар сыйлады. Оның ішінде арыстандар мен екі қоңыр аю да бар. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды. 

Бұл жағдайды Москва мен Пионганның арасында дамып келе жатқан қарым-қатынастың айқын көрінісі ретінде қарастырсақ болады. 

Ресей Федерациясының Табиғи ресурстар және қоршаған ортаны қорғау министрі Алесандр Козлов бұл жануарларды жүк ұшағымен Солтүстік Кореяға жібергені туралы ақпаратты өзінің Telegram-арнасында жариялаған еді.  

Осыған дейін, РФ президенті Владимир Путин Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ынға 24 асыл тұқымды жылқыны сыйға тартқан болатын.