Ресей Федерациясының Қорғаныс министрлігі Брян облысына украиналық әскер ATACMS ракеталарымен соққы жасады деп мәлімдеді. Бұл туралы Newsroom.kz тілшісі хабарлайды.
"Бүгін түңгі 03:25 кезінде украиналық әскер Брянск облысының аумағындағы нысанға алты баллистикалық зымыранмен соққы жасады. Расталған мәліметтерге сәйкес, Украина мемлекеті американдық "ATACMS" жедел-тактикалық зымырандарын қолданды. Зымыранға қарсы соққы беру нәтижесінде С-400 ЗРС және "Карапас" ЗРПК көмегімен бес зымыран атып түсірілді, біреуі зақымданды. Оның қалдықтары Брянск облысындағы әскери нысанның техникалық аумағына түсіп,салдарынан өрт шықты. Қайтыс болған адамдар тіркелмеді",-делінген РФ Қорғаныс министрлігінің мәлімдемесінде.
Тағы оқыңыздар: Украина жеңіске жете ме? Трамп Путинмен келіссөз жүргізбекші