Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда ата-аналар “Келешек” жүйесі арқылы балаларының оқуына қаржы жинай алады

Мәжіліс кейбір заңнамалық актілерге ақпарат, қоғамдық даму, мәдениет және архив істері салаларындағы нормалардың артық заңнамалық регламенттелуін болғызбау мәселелері бойынша заңды екінші оқылымда қабылдады,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қазақстанда ата-аналар “Келешек” жүйесі арқылы балаларының оқуына қаржы жинай алады
Фото: Nege.kz

Түзетулерде Президенттің «Әділетті Қазақстанның экономикалық бағдары» атты халыққа Жолдауын іске асыру аясында әзірленген «Келешек» біріңғай ерікті жинақтау жүйесінің қызметін құқықтық реттеуді көздейтін нормалар қарастырылған.

«Келешектің» негізгі моделі Мемлекеттік білім беру жинақтау жүйесінің қолданыстағы тұғырнамасы аясында жүзеге асырылатын болады. Әрбір ата-ананың кез келген банкте немесе өмірді сақтандыру компаниясында кез келген жастағы баласының атына шот ашуға құқығы бар.

Сондай-ақ, 5 жасқа толған балалардың шотына мемлекет бюджеттен 60 АЕК, жетім балаларға 120 АЕК мөлшерінде біржолғы бастапқы білім беру капиталын береді.

Жыл сайын барлық бала үшін 5 пайыз, әлеуметтік жағынан осал отбасылардың балалары үшін 7 пайыз сыйақы есептеледі. Сондай-ақ банктің немесе сақтандыру компаниясының белгіленген табыс көлемі үшін жыл сайынғы мемлекеттік сыйақы алады. Жиналған қаражатты Қазақстанда немесе шетелде оқуға жұмсауға болады.