auto.room

Қорғастағы автокөлік бизнесі

Қазақстан мен Қытай арасындағы шекаралық аймақ Қорғас қазіргі таңда екі ел арасындағы сауда мен логистиканың маңызды орталығына айналды. Күніне шамамен 3700 адам шекарадан өтіп, : жеміс-жидек, көкөніс, тұтыну тауарлары, киім-кешек, техника, компьютерлер және тағы басқа. Соңғы жылдары бұл аймақ автокөлік бизнесінің де маңызды орталығына айналды. Қытайдың ішкі нарығынан Қазақстанға және басқа да ТМД елдеріне автокөліктердің үлкен көлемі экспортталуда. Бұл мақалада Қорғастағы автокөлік бизнесінің қазіргі жағдайы, мүмкіндіктері мен қиындықтары талқыланады.

Қазіргі уақытта қазақстандық тұтынушылар арасында қытайлық автокөліктерге сұраныс артып келеді. Бұл әсіресе Haval, Changan, Geely, Li Auto және Zeekr сияқты брендтерге қатысты. Мысалы, Haval H9 жаңа моделі ресми дилерлер арқылы Ресейге, Қазақстанға және басқа елдерге жеткізілуде. Сонымен қатар, ресми түрде Қытайдан басқа еш жерде ұсынылмаған электрлік көліктер де экспортталуда.

Dan Chao, Қорғастағы ең ірі Lixiang сатушыларының бірі, соңғы үш айда 1700 автокөлік сатқанын айтты. Ол өз жетістігін автокөліктердің өз меншігінде болуымен және кәсіби көзқараспен түсіндіреді:

"Бізде автокөліктер өзіміздің ақшамызға сатып алынған, сондықтан клиенттерге ең жақсы баға мен қызмет ұсына аламыз. Біз өз жұмысымызға кәсіби түрде қараймыз."

Ол сонымен қатар Қытайдың автокөлік индустриясының болашағына оптимистік көзқараспен қарайды:

"Электромобильдер өз өмір сүруін жалғастырады, себебі бұл салада Қытай алда келеді. Біз гибридтер мен электрлік көліктердің сұранысы артатынына сенімдіміз."

Қорғастағы кедендік рәсімдер мен құжат айналымы цифрландырылған. Экспорттық құжаттарды дайындау процесі автоматтандырылып, бұрын қолмен жасалатын жұмыс енді бірнеше секундта орындалады.

Дегенмен, бизнеске кедергі болатын қиындықтар да бар. Кейбір автокөліктер Қазақстанда тәркіленіп, қайтарып алу үшін іс біткенше күту керек болған. Сондай ақ Dan Chao айтуы бойынша былтыр сатуға  әкеле жатқан көліктері өртке оранып, 360 000 доллар шығынға кіріпті.

Автокөлік сатып алушылар үшін бірнеше маңызды аспектілерді ескеру қажет:

  1. Құжаттардың заңдылығы: Көлік Қытайда есепке қойылып, содан кейін есептен шығарылуы керек. Егер бұл рәсімдер орындалмаса, көлік шекарада тәркіленуі мүмкін.
  2. Кедендік рәсімдер: Кедендік төлемдер мен салықтарды алдын ала біліп алу маңызды. Бұл қосымша шығындардан құтылуға көмектеседі.
  3. Сапа және кепілдік: Кейбір автокөліктер қосымша опциялармен жабдықталады, бірақ олардың сапасы мен ұзақ мерзімділігі күмәнді болуы мүмкін. Сатып алушыларға ресми дилерлерден немесе сенімді сатушылардан сатып алуды ұсынылады.
  4. Логистика: Көлікті жеткізу мерзімдері мен шарттарын нақтылау керек. Кейде көлікті алу үшін ұзақ уақыт күту қажет болуы мүмкін.

Қорғастағы автокөлік бизнесі Қытай мен Қазақстан арасындағы экономикалық ынтымақтастықтың жаңа деңгейіне көтерілді. Инфрақұрылымның дамуы, цифрландырудың енгізілуі және кәсіпкерлердің белсенділігі бұл саланың болашағының жарқын екендігін көрсетеді. Дегенмен, ол жерге әкелінген көлік пен қазақстандық автосалонннан алынған көлікке берілетін кепілдік әртүрлі. Көлікті қашан және қай жерден алсаңызда сапасы мен көліктің заң тұрғысынан таза екендігіне көз жеткізіп барып алыңыз.

Пайдаланылған материалдар: 

  1. На КПП "Хоргос" с начала года зафиксировано миллион въездов из Казахстана в Китай | Inbusiness.kz
  2. 80% экспорта Китая проходит через Казахстан - Новости Казахстана и мира на сегодня
  3. Количество отправлений поездов Китай-Европа через КПП Хоргос достигло 6 000 с начала 2024 года_Russian.news.cn
  4. https://www.youtube.com/watch?v=1yruub_CbGU&t=482s