weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
15 қараша, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Мемлекет басшысы Нгуен Суан Тхангты қабылдады

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы бүгінде қазақ-вьетнам қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті

Мемлекет басшысы Нгуен Суан Тхангты қабылдады
Фото: Ақорда

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Вьетнам Коммунистік партиясы Орталық комитеті Саяси бюросының мүшесі, Хо Ши Мин атындағы Ұлттық саясат академиясының директоры Нгуен Суан Тхангпен кездесті,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы Ақордаға сілтеме жасап.

Әңгімелесу барысында Мемлекет басшысы бүгінде қазақ-вьетнам қатынастары қарқынды дамып келе жатқанын атап өтті. Президент Вьетнамға жасаған былтырғы ресми сапарын ықыласпен еске алды. Ханой сапары барысында жүргізілген маңызды келіссөздер екіжақты ынтымақтастыққа айтарлықтай серпін берді.

Қасым-Жомарт Тоқаевтың айтуынша, Вьетнам – еліміздің Оңтүстік-Шығыс Азиядағы негізгі серіктесі. Қазақстан сауда-экономикалық, инвестициялық, мәдени-гуманитарлық салалардағы екіжақты қатынастарды жан-жақты нығайтуға дайын.

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→