Тынық мұхитында әлемдегі ең үлкен маржан табылды

Мегамаржанның жасы 300 жылдан астам болуы мүмкін

Фото: BBC

Тынық мұхитының оңтүстік-батысында ғалымдар бұрын-соңды тіркелген ең үлкен маржанды тапты,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы BBC сайтына сілтеме жасап.

Мәліметтер бойынша, риф емес бір ағзаны құрайтын көптеген бір-бірімен байланысқан, кішкентай тіршілік иелерінің жиынтығы болып табылатын мегамаржанның жасы 300 жылдан астам болуы мүмкін.

Оны National Geographic кемесінде жұмыс істейтін бейнеоператор Тынық мұхитының шалғай бөліктеріне климаттың өзгеруінің қалай әсер еткенін көру үшін барған кезде тапты.

Айта кетелік, Халықаралық табиғатты қорғау одағының мәліметтері бойынша жылы суларда өмір сүретін маржандардың 44% жойылу қаупінде тұрғанын көрсетті. Бұл 2008 жылғы көрсеткішке қарағанда артқан.

Жүктелуде...