Баланың тілі неліктен кеш шығады?
Жүктілік кезінде ана көңіл-күйінің дұрыс болмауы бала тілінің кеш шығуына себеп болады
Мамандардың айтуынша, бір жастағы бала кемінде 10-15 сөзді, екі жастағы бала 300-дей сөзді анық айтып, ал үш жастан асқасын еркін сөйлесе алатын жағдайда болуы қажет,- деп хабарлайды newsroom.kz
Балалар тілінің кеш шығуының басты себептері: Жүктілік кезінде ана көңіл-күйінің дұрыс болмауы, күйзелісте болуы және тұқым қуалаушылық факторлары әсер етеді.
Сондай-ақ, қатты қорқып қалудан болған тұтығу және өзге аурулардың, қолданған дәрі-дәрмектердің әсері баланың тілінің шығуына әсер етеді.
-2 жас 8 ай дегенде балаға тіл шықпаса, диагноз қойылады. Қазіргі таңда ерекше балалардың көбеюі немесе тілдің кеш шығуы бала құрсақта жатқанда, анасы өзінің денсаулығына мән бермегендіктен болып отыр. Жүктілік кезінде жиі кездесетін қаназдық, түрлі инфекция жұқтыру, депрессияға түсу секілді аурулар баланың тілі шықпауына әсерін тигізеді. Кейбір жағдайда дәрігерлердің баланы босандыру кезінде жіберетін қателіктерінің кесірінен бас, ми бөлігіне зақым келіп жатады. Тағы бір себебі – ата-ананың балаға көңіл бөлмеуі- деді дефектолог маманы Әсемгүл Бисенғалиева.
Мамандардың айтуынша, бала ұзақ уақыт еміздік емсе, баланың ауыз-бұлшық еттері, еріндері бір қимылдан екінші қимылға ауысып отыруы керек, сонда әріптер мен дыбыстарды айтуға тез дағдыланады. Бұл артикуляциялық жаттығулар жасалмай, бір бағыттағы қимылдарға дағдыланып кетуінен болады.
Сондай-ақ мамандар телефонға үңілген бала виртуалды әлемге еніп, экрандағы түрлі іс-қимылға назар аударып, өзге тілдерді өзіне қабылдап алуы мүмкін.