Монғолия мен Қытайдан Қазақстанға қоныс аударушылар саны артты

Көшіп келгендердің барлығы дерлік – этникалық қазақтар

Freepik.com

Data hub telegram каналы жариалаған мәліметке сәйкес 2024 жылдың алғашқы тоғыз айында Қазақстанға Қытай мен Монғолиядан тұрақты тұруға келген азаматтар саны рекордтық көрсеткішке жетті, - деп хабарлайды newsroom.kz. Қазстат мәліметіне сәйкес, Қытайдан 1451 адам, ал Монғолиядан 1088 адам көшіп келген. Өткен жылдың осы кезеңімен салыстырғанда, өсім 177% және 172% құрады.

Қытайдан келгендер саны 2017 жылдан бергі ең жоғары көрсеткішке жетті (2020 жылғы көрсеткіштен аз ғана айырмашылығы бар). Ал Монғолиядан қоныс аударушылар саны 2011 жылдан бергі ең үлкен көрсеткішке жетті, соңғы жылдары мұндай көрсеткіштер тіркелмеген.

Көшіп келгендердің барлығы дерлік – этникалық қазақтар (Қытайдан 98% және Монғолиядан 99%).

Қытайдан келгендердің жартысы Астана мен Алматы қалаларын таңдады (көбі Алматыға), ал әр бесінші адам Алматы облысында орын тепкен.

Монғолиядан келгендердің көбісі Ақмола облысына тұрақтады – оны 33% таңдаған, Астанада 23%, Алматыда 13%.

Айта кетсек, 2024 жылдың алғашқы үш тоқсанында Қазақстанға жалпы 20,4 мың иммигрант келген, бұл өткен жылдың қаңтар-қыркүйек аралығымен салыстырғанда 6,5% көп. Елден кеткендер саны 10,2 мың адамды құрап, өткен жылмен салыстырғанда 20%-ға азайды. Осылайша, миграция сальдосы 59%-ға өсіп, оң баланс 10,2 мың адамды құрады.

Жүктелуде...