Президент СOP29 саммитінің пленарлық сессиясында ең бірінші болып сөз сөйлейді

Мемлекет басшысын Әзербайжан Президенті Ильхам Әлиев пен БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш қарсы алды.

Aqorda

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев Дүниежүзілік климат саммитіне қатысу үшін Баку олимпиадалық стадионына келді,-деп хабарлайды Newsroom.kz сайтының тілшісі. 

COP29 — бұл БҰҰ-ның Климаттың өзгеруі жөніндегі конвенциясының 29-шы конференциясы (COP — Conference of the Parties). Бұл жаһандық саммит жыл сайын өткізіліп, онда қатысушы мемлекеттер климаттың өзгеруін тежеу және парниктік газдар шығарындыларын азайту шараларын талқылайды. 

Саммиттің басты мақсаты — Париж келісімінің міндеттемелерін орындау бойынша прогресті талқылап, 2030 жылға қарай әр елдің климаттық мақсаттарын қайта қарау. Сондай-ақ COP29 шеңберінде жаңартылатын энергия көздерін дамыту, көміртегі шығарындыларын азайту және қоршаған ортаға зиянды әсерлерді төмендету мәселелері қаралады.


 

Жүктелуде...