Cairo 24 басылымының мәліметінше, Египетте ТМД туристері отырған автобус аударылды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жол-көлік оқиғасы салдарынан 40-тан астам адам зардап шекті, олардың көпшілігі ТМД туристері.
«Зардап шеккендердің 31-і Ресей мен Украина, үшеуі Қазақстан, үшеуі Әзірбайжан, тағы төртеуі мысырлық азамат. Зардап шеккендердің барлығы медициналық көмек көрсету үшін ауруханаға жеткізілді», - деп жазды басылым.
Апат Суэц шығанағының жағасындағы Рас-Сидр қаласының маңында болған.