Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
5 қараша, 2024 / NewsRoom / Аймақтар

Ақтауда 60 құрылыс компаниясы үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқан

Соңғы екі жылда аталған бап бойынша 60 құрылысшы жауапқа тартылып, оларға жалпы сомасы 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынған.

Ақтауда 60 құрылыс компаниясы үлескерлердің қаражатын заңсыз тартқан

Маңғыстау облысының прокуратурасы жаңа құрылыстардан пәтер сатып алу кезінде туындайтын тәуекелдерді болдырмау жолдарын түсіндіріп, қазіргі таңда үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат етілген құрылыс нысандары туралы ақпарат берді.

Жаңа құрылыстардан пәтер сатып алу тәртібі

Қазақстан Республикасының «Тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу туралы» Заңына сәйкес (бұдан әрі - Заң) тұрғын үй құрылысына үлестік қатысу шартына қол қою арқылы ғана сатып алу процесі реттеледі. Алайда, кейбір құрылыс компаниялары Заң талаптарын айналып өтіп, заңсыз мәмілелер жасай отырып, жылжымайтын мүлікті сатумен айналысады. Мұндай әрекеттер үшін Қазақстан Республикасының Әкімшілік құқық бұзушылықтар туралы кодексінің 320-бабы бойынша жауапкершілік көзделген. Соңғы екі жылда аталған бап бойынша 60 құрылысшы жауапқа тартылып, оларға жалпы сомасы 46 миллион теңгеден астам айыппұл салынған, деп хабарлады прокуратура.

Үлескерлер қаражатын тартуға рұқсаты бар құрылыс нысандары

Бүгінгі таңда Ақтау қаласында үлескерлер қаражатын тартуға рұқсат етілген бес құрылыс нысаны бар:

  • «Manhattan» – 41 шағынаудан, 1/1 учаске;
  • «Достық» – 20 шағынаудан, 21 үй;
  • «Премьер» – 14 шағынаудан, 84 үй;
  • «Adal Town» – 29 шағынаудан, 171 үй;
  • «Aktau Riviera» – Жылы жағажай ауданы, 120 ғимарат.

Пәтер таңдау кезінде назар аударылуы тиіс құжаттар

Прокуратура өкілдері жаңа құрылыстардан пәтер сатып алушыларға құрылыс компанияларынан келесі құжаттардың бар-жоғын тексеруге кеңес береді:

  1. Жер учаскесін пайдалануға рұқсат берілгендігі туралы жергілікті атқарушы органның шешімі.
  2. Инженерлік инфрақұрылым мен коммуналдық қызметтерге қосылуға арналған техникалық шарттар.
  3. Үлескерлердің қаражатын тартуға рұқсат (бұл рұқсатты алу үшін бірыңғай тұрғын үй құрылысын кепілдендіруші оператордың кепілдігі, екінші деңгейлі банк жобасына қатысу немесе ғимараттың қаңқасы тұрғызылғаннан кейін қаражат тарту талаптары орындалуы тиіс).

Сонымен қатар, архитектуралық-жоспарлау тапсырмасыжергілікті атқарушы органның бас архитекторы бекіткен жоба эскизіжұмыс жобасының сараптамадан өткен оң қорытындысы және құрылыс-монтаж жұмыстарының басталғаны туралы хабарлама болуы маңызды. Егер бұл құжаттар ұсынылмаған болса, құрылыс нысаны заңсыз деп саналып, тиісті рұқсат беру құжаттарымен ресімделмеген болып есептеледі.