Елімізде жас ғалымдар тарапынан 1055 ғылыми жоба іске асырылуда
Еліміздегі техникалық университет Селен химиялық элементін өндіру әдісін ойлап тапты
ҚР Ғылым және жоғары білім министрлігі биыл өңірлерде білім берудің қолжетімділігі мен сапасын арттыруға ықпал ететін инновациялық технологияларды енгізу бағытында маңызды жетістіктерге қол жеткізді. Ведомство оқытушылардың кәсіби біліктілігін арттыру жөніндегі бастамаларын қолдай отырып, кадрлық әлеуетті жетілдіру бойынша белсенді жұмыс жүргізуде,- деп хабарлайды newsroom.kz
Жоғары білім мен ғылыми зерттеулердің сапасын арттыру мақсатында Қазақстан Республикасында жоғары білім мен ғылымды дамытудың 2023-2029 жылдарға арналған тұжырымдамасына өзгерістер енгізілді. Бұл құжат ғылым мен білім саласындағы жүйелі реформаларды жүзеге асыруға бағытталған.
Мәліметтер бойынша, соңғы жылдары Ұлттық ғылым академиясының институционалдық рөлі нығайып, қаржыландыру мәселелері шешілуде. 2023 жылғы 27 наурызда Қазақстан Республикасы Президентінің Жарлығымен «Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы «Қазақстан Республикасы Президенті жанындағы Ұлттық ғылым академиясы» коммерциялық емес акционерлік қоғамы болып өзгертілді. Қазақстан ғылымын дамыту саласындағы стратегиялық маңызды шешімдер қабылдау үшін Президент жанындағы Ғылым және технологиялар жөніндегі Ұлттық кеңесқұрылды.
Қазіргі таңда 250 ғылыми ұйым Web of Science, Scopus және Wiley мәліметтер базасын пайдалана отырып, 2297 ғылыми жоба, 162 ғылыми-техникалық бағдарлама және 134 коммерцияландыру жобасы жүзеге асырылуда. Жас ғалымдар тарапынан 1055 ғылыми жоба іске асырылып жатыр.
Сондай-ақ, Қ.Сәтпаев атындағы Қазақ ұлттық зерттеу техникалық университетінің ғалымдары медицина, электроника және шыны өндірісінде кеңінен қолданылатын, тазалығы 99,5% Селен химиялық элементін өндіру әдісін ойлап тапты.
Сонымен қатар М.Қозыбаев атындағы Солтүстік Қазақстан университетінде Солтүстік-Батыс ауылжәне орман шаруашылығы университетімен(Қытай Халық Республикасы) бірлесіп,агрокомпетенция зерттеу орталығын ашу туралы келісімге қол қойылды. Бұл орталық өсімдік шаруашылығы, мал шаруашылығы және азық-түлік қауіпсіздігі салаларында ғылыми зерттеулерді дамытуға бағытталған.
Қазақстан Республикасы Ғылым және жоғарыбілім министрлігі Қазақстан ғылымы мен ірі өнеркәсіптің басымдықтары арасындағы серіктестікті белсенді түрде қолдайды. Сәтті ынтымақтастықтың мысалы ретінде «Қазақмыс» корпорациясы және «ERG» базасында өткізілген «Металлургиялық кәсіпорынның ғылыми-технологиялық дамуы» атты хакатон секілді ғылыми-инновациялық хакатондарды атап өтугеболады. Бұл іс-шаралар ғылыми-техникалық дамудың басым бағыттарын қалыптастырудың жаңа механизмдерін әзірлеуге, сондай-ақ нақтысектордың өзекті сұраныстары мен қажеттіліктерін шешуге ықпал етеді.
Қазіргі уақытта министрлік «Кармет», «ҚазМинералс», «ҚазАтомПром» және басқа да ірі компаниялармен осындай іс-шараларды ұйымдастыруда. Бұл хакатондардың нәтижелері ғылым мен бизнес арасындағы кооперацияны жақсартуға, коммерцияландыру жобаларын ілгерілетуге және экспортқа бағытталған жаңа өнімдерді шығаруға ықпал ететін болады.