Алматыда 10 жоба 565 жұмыс орнын ашпақ

Кәсіпорындарда 3543 жұмыс орны құрылды.

Фото: пресс-служба

Алматының индустриялық аймағында 565 жұмыс орнын құрумен 10 жобаны іске қосу жоспарлануда.

Ағымдағы жылы Алматы индустриялық аймағының аумағында 10 инвестициялық жоба ашу жоспарлануда:

- «Telli Ondiris» - тұрмыстық химия және жеке гигиена құралдарын шығаратын зауыт;

- «Розан Азия» - халықаралық төлем жүйелерінің банк карталарын шығаратын зауыт;

- «Kapital Construction» - арматуралық тор, кварц агломераттары және профильді құбырлар шығаратын зауыт;

- «ЖБИ Гарант» - толық циклді темірбетон бұйымдарын шығаратын зауыт;

- «Kazakhstan Mobility Engineering» - автомобильдерге арналған электрондық аудио және бейне жабдықтар шығаратын зауыт;

- «Vehicles Almaty» - автомобиль орындықтарын шығаратын зауыт;

- «АвтоПластТехнолоджи» - автомобильдерге арналған резеңке және пластик бұйымдар шығаратын зауыт;

- «Astana Motors Engineering» - 7,5 га алаңдағы қойма жайлары;

- ауданы 5100 шаршы метр болатын «Almaty Building & Co» кіші өнеркәсіптік паркі;

- ауданы 3000 шаршы метр болатын «Industrial Place» кіші өнеркәсіптік паркі.

Құрылған сәттен бастап (2016 жылдан 2023 жылға дейін) Алматы индустриялық аймағының аумағында жалпы сомасы 128,8 млрд. теңгеге 30 жоба іске асырылды. Кәсіпорындарда 3543 жұмыс орны құрылды. Осы кезеңде компаниялар 1 694 млрд. теңгеге өнім өндіріп, 44,6 млрд. теңге мөлшерінде салық төледі.

Жүктелуде...