Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
18 қазан, 2024 / Аман ШАМАР / Қаржы

Отандық өндіріс өркендеп келеді

Кәсіпкерді туризмге тарту үшін мемлекет тағы да қаржылай қолдау тетіктерін қарастыру қажет.

Отандық өндіріс өркендеп келеді
Фото: Амандық САҒЫНТАЙҰЛЫ

Президент Қасым-Жомарт Тоқаев кәсіпкерлермен кездесулерінің бірінде аз ғана элиталық топтар ықпалының артуы және халықтың басым бөлігінің табысының азаюы қауіпсіздікке айтарлықтай қатер төндіргенін айтқан болатын. Ендеше, бүгінгі қоғамнан «бай» мен «кедей» ұғымын жою үшін не істеу керек? Біз бұл жөнінде Алматы қаласының тұрғыны, сонау тоқсаныншы жылдардан бері кәсіпкерлікпен айналысып келе жатқан азамат Мұрат Қожабаймен әңгімелескен едік.

– Мұрат аға, сіздіңше, «Жаңа Қазақстан» деген қандай Қазақстан? Бұл ертең жалаң ұранға айналып кетпей ме?

– Мұны шынайы және бұрынғыдан да демократиялық Қазақстан деп түсіну керек. Бұл бос сөз емес, іс жүзінде жүзеге асатын ұлы мақсат. Яғни, азаматтар бейбіт негізде өз ой-пікірі мен ұсыныс-тілегін еркін білдіре алады деген сөз. Бірақ, бұл ұсыныстар нақты әрі сауатты жеткізілуі тиіс. Сонда ғана билік тарапынан да қайтарымды жауап болады. Сол үшін де арнайы бір тәуелсіз алаң немесе орын болуы керек сияқты. Қалай болғанда да, бейбіт жиынның мақсаты билікті ауыстыру емес, халықтың мұқ-мұқтажын жеткізу ғой.

– Тұрғындарды толғандырып жүрегн бір сауал, табиғатта сирек кездесетін лотос гүлдері өсетін Құрманғазы ауданында табиғаты таңғажайып жерлер көп. Бірақ, оған кәсіпкерлер қызығушылық танытпайды. Неге?

– Бәрі де айналып келгенде қаражатқа келіп тіреледі. Қалай десек те, кез келген кәсіпкер табыс мол түсетін іспен ғана айналысады. Ал, туризм – ең кенже қалып отырған сала. Кәсіпкерді туризмге тарту үшін мемлекет тағы да қаржылай қолдау тетіктерін қарастыру қажет. Сонда туризмге де жол ашылуы әдбен мүмкін.