Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
22 қыркүйек, 2024 / Аман ШАМАР / Жаңалықтар

«Алтын басты әйелден тақыр басты еркек артық»

«Сен артыңдағы ініңе әкесіндей қамқор болдың, сол үшін саған шексіз ризамын».

«Алтын басты әйелден тақыр басты еркек артық»
Фото: nanniesonthego.net

Атақты батагөй ақсақал Ақмырза Батырқайыров ата-анасы тоқсаннан асып қайтар шағында «сіз үнемі қиындық көрдіңіз, балаларымды бағумен болдыңыз, мен үшін жаныңызды отқа да, суға да салдыңыз, ақ сүтіңізді ақтай алмадым» деген екен.

Сонда анасы «сен артыңдағы ініңе әкесіндей қамқор болдың, сол үшін саған шексіз ризамын» деп жауап қайырыпты.

Ақмырза атаның әкесі өмірден ерте өтіп, артына бес тыйым сөзді тапсырып кеткен екен. Бұлар – арақ ішпеу, темекі тартпау, құмар ойын ойнамау, қызды жылатпау, ана сүтін ақтау.

– Бірде теледидарда жүріп жатқан бір бағдарламада студияда қонақ болып отырған ересектеу әйелден «сіз отбасына отағасының ие болуына мүдделісіз бе?» деп сұрады журналист. Әлгі әйел ер азаматқа тәуелді емес екенін айтты. Ал, осы сұраққа басқа бір жастау келген келіншек керісінше отағасының орны бөлек екенін айтып, «алтын басты әйелден тақыр басты еркек артық» деп бұрын-соңды айтылмаған жаңа мақалды келтірді. Міне, «ақыл – жастан» деген осы ғой, – дейді дана қарт.