Ақмола облысында жетінші баласына жүкті болған 34 жастағы келіншек қайтыс болды. Қайғылы оқиға 18 қазан күні кешке болған,- деп хабарлайды newsroom.kz
Мәліметтерге сүйенсек, әйел кешкі уақытта өзін нашар сезініп, шаршағанын айтып, демалуға кеткен. Дегенмен туыстары оны өлі күйінде тапқан. Әйел жүктіліктің 34 аптасында жүрген.
Жедел жәрдем дәрігерлері ақмолалық әйелдің олар келгенше қайтыс болғанын растады.
Өлімнің алдын ала себебі – жедел жүрек жетіспеушілігі. Зорлық-зомбылықтың ізі табылмады.
Айта кетелік, полиция сотқа дейінгі тергеу бастады. Сараптамалар мен тергеу амалдары жүргізіліп жатыр.