«Қазақфильм» ұлттық киностудиясы түсірген фильмдер өз бюджетін ақтамайды

Киностудия қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр

Фото: ашық дереккөзден

«Қазақфильм» ұлттық киностудиясы бүгінде 95% шығынға батып отыр. Құйылған қаржының қайтарымы 5 пайызға да жетпейді. Бұл мәселе жоғары аудиторлық палатаның тексеріс барысында анықталды,- деп хабарлайды newsroom.kz порталы "Jibek Joly" арнасына сілтеме жасап.

Коммерциялық тұрғыдан сәтті жобалардың жоқтығы, кассаның аздығы және фильм өндірісінің шектен тыс шығыны үшін студия талай жыл сынға ұшырап келеді.

Аты аңызға айналған еліміздің басты киностудиясы қазір штаттық режимде жұмыс істеп тұр.  

Фото: Әдебиет порталы 

Фильмдердің 90%-ын жеке продакшндар мен компаниялар түсіреді. Неліктен қазір мұндай кассалық тапшылық пайда болды? 
Бұл киностудияның бюджетке қарап отырғанының нәтижесі. Яғни бюджет бар болса, жұмыс істейді, жоқ болса істемейді. Бұл киностудияға қатты әсерін тигізеді. Өйткені кезінде жылына 40 фильмге дейін түсірген,- деді
Айдар Омаров
 

Қазақфильм қолдау көрсеткен 17 картинаға 14,6 млрд теңге бөлінген. Одан 695 миллион теңге көлемінде қаржы түсті. Осылайша орташа экономика 4,8 % деңгейінде қалып отыр.  
Фото: видео скриншот 

- 2023 жылдың қорытындысы бойынша берер шек соммасы 650 000 000 тг құрады. Ал 2022 жылдың қорытындысы бойынша компанияның шығыны 2021 жылмен салыстырған 4,7- есе өсті. Шығын көлемі 800 000 000 теңгеден асты. Бұл жерде басқару менеджменті қалай жүзеге асырылуда? деген сұрақ туындайды,- деді Жоғары аудиторлық палатасының мүшесі Нұрлан Нұржанов.

Айта кетелік, 2019 жылдан бері еліміздегі кино түсіру құзыреті заңды түрде Ұлттық киноны қолдау орталығына берілген. Бұрын киностудия тікелей мемлекеттік тапсырыспен жұмыс істеген болса, қазіргі таңда қандай да бір фильм түсіру үшін, тендерге қатысуы тиіс. Ал сала сыншылары фильмнің сәтті шығуы үшін, өндірісін ретке келтіруі керек дейді. Әйтпесе кинотеатрлар сапасыз өнімді алмайды. Содан мемлекеттік тапсырыспен түсірілген фильмдер көбіне архивте қалады. 

Жүктелуде...