Әлемде әйелдер жалғыз саяхаттауға қауіпті елдердің 2024 жылға арналған тізімін World Population Review арнасы жариялады,-деп хабарлайды newsroom.kz
Қауіпті елдердің көшін Оңтүстік Африка бастап тұр. Оңтүстік африкалық әйелдердің тек 25%-ы түнде жалғыз серуендеуді қауіпсіз сезінетінін айтты. Оңтүстік африкалық әйелдердің 40%-дан астамы өмір бойы зорлық- зомбылыққа ұшырайды деген болжам бар.
Бразилия әйелдер үшін ең қауіпті екінші ел. Әйелдердің тек 28%-ы түнде жалғыз серуендеуді қауіпсіз сезінетінін хабарлады және бұл ел әйелдерді қасақана өлтіру деңгейі бойынша үшінші орында. Бразилияда әйелдердің 36,9%-ы жақын серіктестері тарапынан зорлық-зомбылық көрген.
Сондай-ақ, Мексика әйелдер үшін ең қауіпті елдердің қатарында. Мексикадағы әйелдердің шамамен 33% -ы түнде жалғыз серуендеу қауіпсіз екенін айтты. Мексикада әйелдердің шамамен 16%-ы серіктес емес тұлғалардың тарапынан зорлық-зомбылық көрген.
Сонымен қатар, Египет әйел саяхатшылар үшін ең қауіпті елдердің бірі. Әйелдердің тек 47%-ы түнде жалғыз серуендеу қауіпсіз екенін айтты. Египетте әйелдердің қоғам мен экономикаға қатысу мүмкіндігін шектейтін заңдар мен ережелер бар.
Үндістан жақын серіктестерге зорлық-зомбылық жасау бойынша бесінші орында, бұл дегеніміз 37,2% әйелдер зорлық- зомбылыққа ұшыраған. Гендерлік теңсіздік индексі бойынша Үндістан бірінші орында. Сауалнамаға қатысқан үндістандық әйелдердің шамамен 45% күйеуі немесе серіктесі белгілі бір жағдайларда әйелін немесе серіктесін ұрып-соқса, ақталады деп келіскен.
Әйелдер үшін ең қауіпті елдер тізімін Таиланд аяқтады. Әйелдердің шамамен 44% -ы хабарлағандай, Тайланд жақын серіктестерге зорлық-зомбылық жасау бойынша екінші орында. Бұған қоса, әйелдердің шамамен 61%-ы әйелдерге қатысты зорлық-зомбылық белгілі бір жағдайларда ақталғанымен келіскен, бұл зерттелген 50 елдің ішіндегі ең жоғары көрсеткіш.
Айта кетелік,әйелдер үшін жалғыз саяхаттауға ең қауіпсіз он ел: Испания, Сингапур, Ирландия, Австрия, Швейцария, Норвегия, Португалия, Хорватия, Канада және Польша елдері.