weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
28 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Жаңалықтар
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Энергетика министрлігі Атом саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтады

Бүгінде еліміз маңызды шешім қабылдаудың алдында тұр

Энергетика министрлігі Атом саласы қызметкерлерінің күнімен құттықтады
Фото: gov.kz

Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігі Атом саласы қызметкерлері күнімен сала ардагерлерін және әріптестерін құттықтады,- деп хабарлайды newsroom.kz

" Қазақстан Республикасы Энергетика министрлігінің атынан Атом саласы қызметкерлерінің күнімен шын жүректен құттықтаймын!

Сіздердің білімдеріңіз бен жоғары кәсіби біліктілігіңіз – еліміздің энергетикалық болашағының іргетасын қалауда.

Сіздің күш-жігеріңіздің арқасында еліміздің атом саласы әлемдік аренада көш бастап келеді. Бүгінде еліміз маңызды шешім қабылдаудың алдында тұр.

Қоғам мен энергетика саласы үшін өзекті тақырыптардың бірі – Қазақстанда атом электр стансасын салу туралы алдағы референдум өткелі жатқаны белгілі.

Атом энергетикасы елімізді энергетикалық тәуелсіздік пен тұрақты дамудың жаңа деңгейіне шығаруға қабілетті прогрестің қуатты қозғалтқышына айналуы мүмкін.

Құрметті атом саласының қызметкерлері! Өлшеусіз еңбектеріңіз бен жаңашылдыққа ұмтылған қарымды қызметіңіз үшін шын жүректен алғыс айтамын.

Сіздерге зор денсаулық, амандық және жаңа кәсіби жетістіктер тілеймін! Барлық бастамаларыңыз табысты болып, Қазақстанның жарқын болашағына қосқан үлестеріңіз арта берсін!"- деп жазылды құттықтауда.

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→