“Хайп қуса қуана бармаспа еді”: Әнарудың адвокаты жазба қалдырды

Ләззат Ахатова өз Facebook парақшасында жазба қалдырды

Фото: newsroom.kz

Жанқош Тұраровтың ісіне қатысты Әнару Құрманалиевның адвокаты Ләззат Ахатова өз Facebook парақшасында жазба қалдырды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Ләззат Ахатованың айтуынша, жаңадан келген тергеу бөлімінің бастығының Жанқош Тұраровқа қатысты істің жаңа тергеушісінің аты-жөнін айтам дегеніне де екі апта өтті.." 18 тергеуші істейтін участокта қазір 5 -ақ тергеуші қалды, маман жетіспей жатыр" деген, "а, мейлі, айтарсыздар" дегенбіз. Үшінші тергеуші ауысады, осымен. Сол, күтіп жүрміз. Сараптама да тым-тырыс. Ертең болатын бой анау болды. Дым жаңалық жоқ, қысқасы)- деп жазды 

Сондай-ақ, Әнарудың әкесі Қалдыбек Құрманалиев Алматыда, қызының қасында.

"Айлан аға бар, екінші адвокат. Тың мағлұматтар бар, бірақ жариялай алмайтынымыз қиын) Неге үндемей қалды демесін деп, арасында хабардар етіп жатқаным ғой) Айтпақшы, Әнаруды "психикалық ауытқуы бар деп ойлаймыз, тексерсін деп талап-тілек қойдық" деп еді, бір кісілер, басында) Ол талап- тілектерінің қанағаттандырусыз қалғанын Алматыға барған күні естідік қой. Одан ортақ таныстарға "ол қызды әкесі екі рет психбольницаға жатқызған" деп, көкіген екен. Тергеушілердің барлық жерге қолдары жетімді ғой, оны да тексеріп, Каблуковада жатпағанын анықтаған болса керек) Сол күйі жаба салды) Әйтпесе қызды "жынды" деп, жарияға жар салар еді, әлдеқашан. Бір-екі журналист "жындыханада учетта тұрмай ма?"-деп күйдірген ЖОО-ны қызыл дипломға аяқтаған қыз ғой, негізі. Учеты нес деп, түсіндірдік. Адам деген қиысатын нәрсені құрастырса болады ғой, дөй далаға лаға бермей, өзін ақтау үшін.

Еговтан алған "жынды емес" деген анықтамасын осы жерге де салып қоя салайын. "Хайп қуып жүруі мүмкін" деп еді, тағы. Сұқбат аламыз деген барлық БАҚ-тан бас тартты. Хайп қуса, қуана бармас па еді!"-деп жазды адвокат.

Жүктелуде...