weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Білім
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

NU профессорлары әлемнің үздік ғалымдары қатарына кірді

Бұл рейтинг 180 мыңнан астам жетекші ғалымды қамтитын Scopus дерекқорынан алынған

NU профессорлары әлемнің үздік ғалымдары қатарына кірді
Фото: Orda.kz

Стэнфорд университетінің профессорлары жыл сайын ғылыми еңбектеріне жиі сілтеме жасалынатын ғалымдар тізімін жасайды, олардың қатарында NU профессорлары да бар,- деп хабарлайды newsroom.kz

2024 жылдың тамыз айындағы жағдай бойынша университетіміздегі 35 ғылыми қызметкер, оның ішінде 20 белсенді ғалымдар әлем ғалымдардың 2%-на кіреді.

Сондай-ақ, бұл рейтинг 180 мыңнан астам жетекші ғалымды қамтитын Scopus дерекқорынан алынған библиометриялық деректерге негізделген. Жүйелі библиометриялық зерттеу деректерін профессор Джон Иоаннидис бастаған Стэнфорд университетінің ғалымдар тобы жүргізеді.

Олар ғалымдарды Science-Metrix (библиометриялық әдістерді қолдана отырып, ғылыми-техникалық саясат пен қызметті бағалау бойынша халықаралық деңгейде танылған көшбасшы) негізінде 22 сала мен 174 ішкі сала бойынша жіктеді. Деректер базасында сілтеме жасау көрсеткіші, h-индексі, hm-индексі, бірігіп автор болу және кешенді көрсеткіш (c-score) туралы ақпарат бар.

Зерттеу бойынша екі тізім ұсынылған – 2023 жылдың соңына дейін жаңартылған бүкіл мансап деректері және 2023 күнтізбелік жыл ішінде жасалған сілтемелерді қамтитын өткен жылғы деректер (жалпы 27 NU зерттеушісі).

 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→