Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
23 қыркүйек, 2024 / Перизат Ілес / Сараптама

«Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары»

Іс-шарада ядролық технологиялардың қауіпсіздігі туралы айтылды

«Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары»
Фото: newsroom.kz

Бүгін Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университетінде «Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары» тақырыбында дөңгелек үстел форматында сараптамалық талқылау өтті. Іс-шара Қазақстанда атом энергетикасын дамытуға талдау жүргізуге, Қазақстанда атом станциясын салу мәселелері бойынша пікір алмасуға бағытталған,- деп хабарлайды newsroom.kz

Дөңгелек үстел жұмысына университеттің профессор-оқытушылар құрамы, ғалымдар, студенттер, БАҚ қатысты. Атом энергетикасы саласындағы сарапшылар: Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар кафедрасының, Л. Н.Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық ғылымдар институтының, ядролық физика институтының және басқалардың өкілдері іс-шара барысында атом электр станциясын (АЭС) салу кезінде атом энергетикасын дамыту мәселелерін талқылады.

Қатысушылар Қазақстандағы атом энергетикасының перспективаларын және халықаралық тәжірибенің мысалдарын қарастырды. Жаһандық энергия тапшылығының өсуі атом энергетикасын дамытуды талап етеді. Президент Жолдауында: «Қазір әлемде энергия тапшылығы артып келеді. Елге сенімді және экологиялық таза энергия көздері қажет. Сондықтан біз атом энергетикасын дамытуға ерекше назар аударуымыз керек деп санаймын». 
             
Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар кафедрасының, Л. Н. Гумилев атындағы ЕҰУ физика-техникалық ғылымдар институтының профессоры Айдар Морзабаев қатысушылармен атом станцияларының қазіргі тенденциялары тақырыбын талқылап, атом энергетикасы 2021 жылы әлемдік экономиканы қалпына келтіруде маңызды рөл атқарғанын, COVID-19 пандемиясы мен оқшаулау режимінен туындаған күрт құлдыраудан кейін электр энергиясын өндірудің қарқынды өсуін қамтамасыз еткенін атап өтті.

 Өз кезегінде қауымдастырылған профессор Нұрлан Амангелді дәстүрлі энергия көздеріне: көмір мен мұнайға тәуелділікті азайтудың басымдықтарын алға тарта отырып, экологиялық қауіпсіздік аспектісіне тоқталып, көптеген онжылдықтар бойы тұрақты электрмен жабдықтауды қамтамасыз етудің басымдықтарын атап өтті.

Сондай - ақ, «Ядролық физика институты» РМК Астана филиалының өкілі Дмитрий Шлимас Қазақстанда атом энергетикасын дамыту перспективалары туралы мәліметтермен бөлісті.

Сонымен қатар, дөңгелек үстелде Халықаралық ядролық физика, жаңа материалдар мен технологиялар кафедрасының аға оқытушысы Бақытжан Оразбеков 3+ буынның заманауи реакторларындағы қауіпсіздік шараларының тақырыбын ашып, іс жүзінде бұл реакторларда сенімділік пен қауіпсіздіктің барынша жақсартылған көрсеткіштері бар екендігін айтты.

Л. Н. Гумилев атындағы Еуразия ұлттық университеті ядролық сала кадрларын даярлау бойынша белсенді жұмыс жүргізуде, аға оқытушы Айсұлу Нығыманованың талқыланатын саланың кадрлық әлеуетін арттыру әдістері туралы баяндамасы дәлел болды. Университет және барлық кафедралар еліміздің тұрақты дамуы үшін өскелең ұрпақты дамытуға бағытталған.

Іс-шарада ядролық технологиялардың қауіпсіздігі, атом энергетикасын дамытудың алғышарттары, энергетика саласы үшін кадрлар даярлау туралы айтылды. Дөңгелек үстелде сөйлеген сарапшылар атом энергетикасын оның тиімділігі мен экологиялық аспектілерін теңестіре отырып дамыту маңызды екенін атап өтті. Олар сондай-ақ экологиялық талаптарды қатаң сақтау және халықтың хабардар болу деңгейін арттыру қажеттігін атап өтті.

Талқылау қорытынды бөлімінде спикерлер атом энергетикасын дамыта отырып: климаттың өзгеруіне қарсы күреске, энергия тұтыну және Қазақстан экономикасының төмен көміртекті дамуын қамтамасыз етуге елеулі үлес қосатынын атап өтті.