Көшпенділер ойындары: бүгін спорттың 9 түрінен жарыс өтпек

Бесінші жарыс күні cпорттың 9 түрінен сайыстар өтеді

Фото: ашық дереккөзден

Бүгін, 12 қыркүйекте Астанадағы V Дүниежүзілік көшпенділер ойындарының бесінші жарыс күні cпорттың 9 түрінен сайыстар өтеді. Қазақстан құрамасы жалпы есепте көш бастап тұр,- деп хабарлайды newsroom.kz

Көкпардан Қазақстан ұлттық құрамасы Қырғызстан командасымен кездесіп, алтын жүлдені сарапқа салады. Ойын сағат 11:00-де "Қазанат" ипподромында өтеді.

Сондай-ақ ипподромда сағат 16.30-да көк бөріден Қазақстан мен Қырғызстан арасында финалдық матч басталады. Ал ипподром маңындағы этноауылда сағат 10.00-де теңге ілуден жарыс басталады.

Бес белес сайысынан Бекнұр Серіков өнер көрсетеді. Ал сағат 15.00-де Рахат Комбаров қос құлаш сайысы бойынша сынға түседі.

Этноауылда сағат 10.00-де құсбегілік жарысы басталады. Бүркіт, қаршыға және сұңқар салу іріктеу кезеңі мен жартылай финал өтеді. Бүркіт салудан Ерзат Байқадамов, Серікбек Күнтуған, Арман Қошқаров, ал қаршыға салудан Дәурен Аршабай, Бағдат Кеуенов, Құдайберген Рауилұлы, Ерлан Кенжетаев, ителгі салудан Бақдәулет Бабажан мен Ибрагим Базарбаев сынға түседі.

"Арғымақ" ат-спорт кешенінде сағат 10.00-де дәстүрлі садақ атудан командалық сайыс басталады. Қазақстан намысын 10 спортшы қорғайды. Әйелдер: Динара Жақсылықова, Фариза Сабыржан, Айкөркем Батихан және Ажар Төлеуқанова. Ерлер: Ербол Тапенов, Бақберген Сәлімов,  Қасымхан Қанат, Марат Бексұлтан, Мақсат Әбдікерімов және Жәнібек Құлмырзаев.

"Алау" мұз сарайында сағат 10.00-де түрік халқының ұлттық күресі ашыртмалы аба гюрешінен бес салмақ дәрежесі бойынша жарыс басталады. Ұлттық құрама сапында Марат Нигматуллаев (60 кг), Әділет Ахметғали (70 кг), Ерзат Арғынов (80 кг), Айдос Ғалымов (90 кг) және Мұхтар Дәлелханұлы (+90 кг) бозкілемге шығады. Ашыртмалы аба гюрешине 19 мемлекеттен 74 спортшы қатысады.

"Алау" мұз сарайында сағат 10.00-де қырғыз халқының ұлттық ойыны ордодан іріктеу сыны басталады. Ел намысын НұржігітАнуарбекұлы, Нұрқанат Молжігітов, Алмас Қарабаев, Мұхамбетжан Нұрланұлы, Мырзамұрат Кайыпбеков, Айбек Амангелдіұлы. Талғар Әбілхан және Салмоорбек Субаналиев қорғайды. Ордоға 7 мемлекеттен 56 спортшы қатысады. Ақтық кезең 13 қыркүйек күні өтеді. "Думан" қонақ үй және спорт кешенінде сағат 10.00-де Батыс Африка халықтарының зияткерлік ойыны овариден сайыс басталады. Овариден ұлттық құрама сапында Әсел далиева, Аңсаған Қожанәсіп, Серік Ақтаев және Ернұр Мерешев Бексұлтан Бостандықов, Ерсұлтан Әуелбай, Мөлдір Серікқызы және Қожанасыр сынға түседі.

Айта кетейік, қазір медаль кестесінде Қазақстан құрамасы 69 жүлдемен (27 алтын, 17 күміс, 25 қола) көш бастап тұр. Екінші орынға Өзбекстан жайғасты. Бұл құраманың қоржында 32 медаль бар (11 алтын, 12 күміс, 9 қола). Ал үздік үштікті 38 жүлдемен (10 алтын, 13 күміс, 15 қола) Қырғызстан түйіндеп тұр.

Жүктелуде...