Маңғыстау облысында борышын өтеп жүрген сарбаз полигонда көз жұмды

Сарбазға оқ атқан

Ақпаратқа сәйкес 17:10 шамасында лагерь бойынша кезекші, гвардия лейтинанты ПМ 9 мм тапаншасынан оқ атқан. Салдарынан оқ қатардағы жауынгер Марат Ерболұлы Барқұловтың бетіне тиген,- деп хабарлайды newsroom.kz

Сарбаз жедел ауруханаға жеткізілгенімен, 17:40 шамасында көз жұмды. Ақтау гарнизоны баспасөз қызметінің хабарына сәйкес, сарбаздың өліміне қаруды дұрыс пайдаланбау себеп.

Қазір оқиғаның мән-жайы анықталып жатыр, қылмыстық іс қозғалды.

 

 

Жүктелуде...