Сұмдық! Маңғыстауда 60-қа жуық оқушы астан уланған

Балалар іш ауруы мен дене қызуына байланысты дәрігердің көмегіне жүгінген

Фото: ашық дереккөзден

Маңғыстау облыстық денсаулық сақтау басқармасы баспасөз қызметінің хабарлауынша, Мұнайлы ауданында тамақтан уланған балалар бақылауға алынды. Балалар іш ауруы мен дене қызуына шағымданып, дәрігердің көмегіне жүгінген,- деп хабарлайды newsroom.kz

Мұнайлы ауданында №8 мектептің 21 оқушысы 6 қыркүйек күні кешкі мезгілден бастап жедел жәрдем шақырып бастаған. Шағымдары: іш ауруы, дене қызуының көтерілуі. Бүгінгі күні, сағат 13:15-тегі жағдай бойынша 58 бала медициналық көмекке жүгінді. 26 бала емханада ем қабылдап жатыр, 27 бала үй жағдайында бақылауда, 5 бала ауруханаға жатқызылды, - дейді облыстық денсаулық сақтау басқармасының баспасөз хатшысы Мөлдір Әділ.

Жағдайдың неден болғанын анықтау мақсатында Маңғыстау облысының санитариялық – эпидемиологиялық бақылау департаментіне хабарлама берілген.

Жүктелуде...