Жаңалықтар

Әлеуметтанушылар АЭС құрылысы бойынша сауалнама нәтижелерін ұсынды

Зерттеуге Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 2000-нан астам тұрғын қатысты

Қазақстандықтардың 57,8%-ы 6 қазан күні өтетін референдумға қатысуды жоспарлап отыр. Ал, 59,3%-ы АЭС құрылысына қолдау білдірді. Бұл —Қоғамдық саясат институты жүргізген әлеуметтанулық зерттеу нәтижелері,- деп хабарлайды newsroom.kz

Қоғамдық саясат институты 2024 жылдың 6 қазанда өтетін атом электр станциясын салу жөнінде референдумға қазақстандықтардың көзқарасын зерттеуге бағытталған экспресс-сауалнама жүргізді. Зерттеуге Қазақстанның әртүрлі аймақтарынан 2000-нан астам тұрғын қатысты, олардың арасында жастар, зейнеткерлер, көпбалалы отбасылар және басқа да әлеуметтік топ өкілдері бар.

Институт директоры Мадина Нұрғалиеваның айтуынша, 2024 жылғы 6 қазанда өтетін республикалық референдум туралы жалпы алғанда респонденттердің 74,6%-ы хабардар. Сауалнамаға қатысушылардың 57,8%-ы референдумға қатысуды жоспарлап отыр, ал 59,3%-ы Қазақстанда АЭС салуды қолдайды. Дегенмен, ел тұрғындарының АЭС құрылысы туралы пікірлері әлі де қалыптасу үстінде екенін атап өткен жөн.

«Біздің зерттеуіміз халықтың басым бөлігінің алдағы дауыс беру туралы хабардар екенін және референдумға белсенді қатысуды жоспарлап отырғанын көрсетті. Азаматтардың жоғары деңгейде хабардар болуы және қатысуы атом электр станциясын салу мәселесі қазақстандықтар арасында үлкен қызығушылық пен қызу талқы тудырып жатқанын білдіреді. Бұл деректер шешім қабылдау маңызды рөл атқарады, өйткені референдумның міндеті – барынша ашықтықты қамтамасыз ету және елдің әрбір тұрғынының пікірін ескеру,» – деп атап өтті.

Сауалнама барысында «face-to-face» әдісі қолданылды, ол Қоғамдық саясат институтының бас сарапшысы Медет Өмірзақовтың айтуынша, деректерді жинаудың ең дәл әдістерінің бірі болып табылады.

«Деректерді жинау Е-аналитика жүйесі негізінде қағазсыз түрде жүргізілді, сауалнама процесі автоматты түрде тіркеліп отырды. Бұл әдіс респондентпен жеке бетпе-бет сұхбатты білдіреді, ол бізге оның жауаптарымен қатар реакциясын, сұхбаттың өткізілу ұзақтығын және GPS-координаттарын тіркеуге мүмкіндік береді. Бұл деректердің сапасын арттырып, сауалнаманың дәлдігін бақылауға көмектеседі. Біз сондай-ақ сұхбат уақытын бақылау және қосымша сұрақтарын қою сияқты әртүрлі тексеру әдістерін қолданамыз», – деді ол.

Айта кетелік, қоғамдық саясат институтының сарапшылары сөз соңында мұндай әлеуметтік зерттеулер қазақстандықтардың жағдайды жақсырақ түсініп, негізделген шешімдер қабылдауына көмектесетінін атап өтті.