Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты Қазақстан халқына Жолдауын талқылады

Сарапшылар азаматтардың қоғамдық оптимизм деңгейін арттыру туралы идеялармен бөлісті

Фото: newsroom.kz

Бүгін Мемлекет басшысының «Әділетті Қазақстан: заң мен тәртіп, экономикалық өсім, қоғамдық оптимизм» Қазақстан халқына Жолдауының негізгі аспектілерін талқылауға арналған дөңгелек үстел өтті. Іс-шараны Қолданбалы этносаяси зерттеулер институты ұйымдастырды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Пікірталас модераторы Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының Этномедиация орталығы директорының орынбасары Фарида Мұсатаева болды. Талқылауға Қазақстанның стратегиялық зерттеулер институты директорының орынбасары Алуа Жолдыбалина, Қазақстанның қоғамдық даму институты басқармасының төрағасы Нұрбек Мәжани, «Жастар» ғылыми-зерттеу орталығының директоры Айсұлу Ерниязова және Қолданбалы этносаяси зерттеулер институтының директоры Талғат Қалиев сияқты сарапшылар қатысты.

Дөңгелек үстел барысында сарапшылар Президент Жолдауының негізгі ережелерін талқылап, талдау жасады, этнодемографиялық ерекшеліктерді ескере отырып, аймақтардағы электоралдық үдерістердің даму перспективаларына ерекше назар аударылды. Сондай-ақ, 2025 жыл - «Жұмысшы мамандықтар жылы» аясында кадр тапшылығы бар өңірлерде сұранысқа ие техникалық мамандықтарды танымал ету мәселесі талқыланды.

Сарапшылар азаматтардың әлеуметтік әл-ауқатын жақсарту және мемлекеттік саясатты одан әрі жаңғырту арқылы қоғамдық оптимизм деңгейін арттыру туралы идеялармен бөлісті. Талқылауға қатысушылар биліктің барлық деңгейлері мен азаматтық қоғам арасындағы тығыз үйлестіру қажеттігін атап өтіп, Жолдауда көрсетілген міндеттерді тиімді және уақтылы орындаудың маңыздылығына назар аударды.

Жүктелуде...