Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?

Қазақстанның батысында, солтүстік-батыс антициклонның екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі

Қазақстанда алдағы үш күнде ауа райы қандай болады?
Фото:nur.kz

 

Синоптиктер Қазақстанда 5, 6 және 7 қыркүйекте ауа райы қандай болатыны туралы болжам жасады, - деп хабарлайды newsroom.kz

 

Болжам бойынша, Қазақстанның басым бөлігінде тұрақсыз ауа райы сақталады, жаңбыр жауып, найзағай ойнайды, республиканың солтүстігі мен шығысында кей жерлерде қатты жаңбыр жауады. 7 қыркүйекте түнде республиканың шығысы мен оңтүстік-шығысындағы таулы аймақтарда жауын-шашын (жаңбыр, қар) күтіледі. Тек Қазақстанның батысында, солтүстік-батыс антициклонның екпінімен жауын-шашынсыз ауа райы күтіледі.

"Республика бойынша түнде және таңертең солтүстік және шығыс аймақтарда тұман түседі, топырақ бетінде 2 градусқа дейін аяз болады", - деп хабарлады метеорологтар.