Бүгін елімізде Кеншілер күні. Жеті қат жер астына түсіп, кен өндіретін аймақтарда мереке тойланып жатыр. Сондай өңірдің бірі - Ұлытау облысына қарасты Қаражал қаласы. Ауыр кәсіп иесі кеншілердің кәсіби мерекесіне ортақтасып келген Қазақстанның халық әртісі Роза Рымбаева облыстағы жол сапасын сынады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы Qaz365.kz.- ке сілтеме жасап.
«Қаражалға қуана-қуана келдім. Түні бойы жол жүрдім. Ұйықтаған жоқпын. Оның үстіне жолды бұл жақтың жолын білесіздер. Секіріп-секіріп әзер жеттік. Жолды жөндеу керек, бастықтардың құлағына алтын сырға. Мен жарайды, анда-санда бір келемін. Ең бірінші сіздер ғой сол жолмен жүретін», - деді Роза Рымбаева.