“17 мәйіт табылды”: Камчаткада тікұшақ құлады

Бортта 19 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған

Апат орны. Фото: Ресей ТЖМ

Вачкажец тау жотасындағы қону алаңынан Камчаткадағы Николаевка ауылына ұшып келе жатқан МИ-8 тікұшағы апатқа ұшырады. Жолаушылар мен экипаж мүшелері қаза тапқаны анықталды,- деп хабарлайды newsroom.kz

Деректерге сүйенсек,  әуе кемесімен байланыс үзілген. Алдын ала мәліметке сәйкес, бортта 19 жолаушы мен үш экипаж мүшесі болған.

"Ауа райының нашарлауына байланысты тікұшақ шоқыға соғылған. Алдын ала ақпарат бойынша, олардың бәрі қаза тапқан", - деп хабарлаған басылым тілшілеріне.

Сонымен бірге Ресей ТЖМ құтқарушылар төтенше жағдай орнына жеткізілгенін, 17 адамның денесі табылғанын хабарлады.

Жүктелуде...