Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат БАӘ-де ұсталды

Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды

Заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған азамат БАӘ-де ұсталды

Бас прокуратура мен Қаржы мониторингі агенттігінің қызметкерлері Біріккен Араб Әмірліктерінен заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырған Қазақстан азаматын қылмыстық жауапкершілікке тарту үшін  елге жеткізді, – деп хабарлайды newsroom.kz

"Күдікті 2023-2024 жылдар аралығында Атырау облысында букмекерлік кеңсе түріндегі заңсыз ойын бизнесін ұйымдастырып, нәтижесінде 21 млн теңге көлемінде пайда тапқан.

Қылмыс жасағаннан кейін күдікті жасырынып, халықаралық іздеуге жарияланды.

Биылғы жылдың тамыз айында ол Абу-Даби қаласының аумағында ұсталып, кейіннен Қазақстан Республикасына экстрадицияланды", – делінген мәліметте.

Айта кетелік, азамат бұрын осындай қылмыс жасағаны үшін сотталыпты. Қазіргі уақытта күдікті Астана қаласының тергеу изоляторына қамалды. 

Аталған қылмысты жасағаны үшін мүлкі тәркіленіп, 4 жылдан 7 жылға дейінгі мерзімге бас бостандығынан айыру жазасы қарастырылған.