Бекзат Саттархановтың анасы Сырлыкүл Саттарханова "Уақыт көрсетеді" YouTube жобасында сұқбат беріп, Олимпиада алдында жыл сайын өзбек боксшылары Бекзаттың қара шаңырағына келіп, бата алатынын айтты,- деп хабарлайды newsroom.kz
"Жылда мына менің үйіме Олимпиаданың алдында өзбек спортшылары келеді. Барлық олимпиадаларда тек өзбек балалар келеді. Биыл да келіп кетті"- деді Сырлыкүл Саттарханова.
Сондай-ақ, спортшы Бақтияр Артаевта Олимпиадаға аттанар алдын келіп, бата алыпты.
"Мен Бақтияр Артаевқа батамды берген адаммын. Бақтияр Артаев ата-анасымен келіп, менің батамды алып кеткен болатын.Сен Олимпиада чемпионы болып келесің, Бекзаттан кейінгі чемпион сен боласың дедім. Сонда мен түс көргенмін. Түсімде Бекзаттың жалауы көтеріліп, тіп-тік болып тұр. Қасынан көлденеңнен бір жалау пайда болды. Тілегімнің батасы болды. Бақтияр Артаев олимпиада чемпионы атанды,- деді Бекзат Саттархановтың анасы.