Еуропадағы криоконсервация стартапы Tomorrow Bio болашақ технологиялар адам денесін қайта жандандырады деген үмітпен денені сұйық азотта мұздатуды ұсынды,- деп хабарлайды newsroom.kz
Ұсынысқа тұтынушылар саны артып келеді. Оған дәлел, 650-ден астам тұтынушы 200 000 доллар (немесе миды сақтау үшін 81 000 доллар) бағасына қарамастан төлеп үлгерді.
Айта кетелік, 2020 жылы негізі қаланған неміс компаниясы алты адам мен бес үй жануарларын криоконсервациялады және 2025 жылға қарай АҚШ-қа шығуды жоспарлап отыр.
Емдеу процессі адам қайтыс болғаннан кейін бірден басталады, мамандандырылған жедел жәрдем бригадасы денені -80°C дейін салқындатып, ағзадағы сұйықтықтарды криопротекторларымен алмастырады.
Сондай-ақ, бұл дене Швейцария қондырғысында -196°C температурада ұзақ уақыт сақталады. Tomorrow Bio өмірді ұзартуға үміт береді, ғылым мүмкіндік берген кезде консервіленген денелерді бір күнде жандандыру мүмкіндігі бар.