Биыл қанша бала 1-сыныпқа қабылданды?

2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады

Фото: opennews

Жаңа 2024-2025 оқу жылында 351 176 бала 1-сыныпқа қабылданды және оның 70 пайызға жуығы мемлекеттік тілде білім алуға ниет білдірген. Бұл ақпаратты ҚР Оқу-ағарту министрлігі ұсынды, деп хабарлайды newsroom.kz

Оқу-ағарту министрлігінің мәліметінше, бірінші сыныпқа баратын оқушылардың ең көп саны Түркістан облысында (44 мыңнан астам), Алматы облысында (34 мың), Астана қаласында (26 мыңнан астам) тіркелген. 

"2024-2025 оқу жылында 7 859 мектепте 3,9 миллионнан астам қазақстандық бала білім алады. Сонымен қатар, 11-сыныпта оқитындардың саны да рекордтық көрсеткішке жетті: 219 мыңнан астам бала. Жалпы жаңа оқу жылында 1-сыныпқа 369 мың бала қабылданады деп күтіледі", делінген хабарламада. 

Жүктелуде...