Қазақстанның екі мегаполисінде жаңбыр жауады

Алматыда бүгін тағы да жаңбыр жауады деп күтілуде

Фото: egemen.kz

Бейсенбі, 29 тамызда Астана мен Алматыда жаңбыр жауады, Шымкентте 29 градусқа дейін ыстық болады. Ауа райы болжамы OpenWeather порталында жарияланды,-деп хабарлайды newsroom.kz

Алматыда бүгін тағы да жаңбыр жауады деп күтілуде. Ауа температурасы күндіз 27 градусқа дейін көтерілсе, түнде 13 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 4,0 м/с болады. Астана тұрғындарына да аздаған жаңбыр жауатыны ескертілді. Күндіз ауа температурасы 22 градусқа дейін жылыса, түнде ауа температурасы 10 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы – 6,4 м/с. Шымкентте бүгін жауын-шашын болмайды. Күндіз термометр 29 градусқа дейін көтерілсе, түнде 14 градусқа дейін төмендейді. Желдің жылдамдығы 3,7 м/с болады. 

Жүктелуде...