weather Астана: --°C
weather Алматы: --°C
weather Шымкент: --°C
Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
Серіктестер
25 тамыз, 2024 / Перизат Ілес / Шоубиз
Тарату: WhatsApp Telegram Twitter Facebook

Баян Мақсатқызы хабарласып «Тұрмысқа шығасың» деді – Айгүл Иманбаева

Әншіге құрбысы Баян Мақсатқызы хабарласып, түс көргенін айтқан

Баян Мақсатқызы хабарласып «Тұрмысқа шығасың» деді – Айгүл Иманбаева
Фото: instagram/ aigul_imanbayeva

Әнші әрі актриса Айгүл Иманбаева ALEF ProductionYouTube арнасына берген сұхбатында тұрмысқа шығуына қатысты жайт туралы айтты, – деп хабарлайды newsroom.kz

Әншіге құрбысы Баян Мақсатқызы хабарласып, түс көргенін айтқан. 

"Баян түс көреді. Сосын маған хабарласып, "Сен тұрмысқа шығайын деп жатырсың ба?" деп сұрады. "Жоқ" деймін ғой. "Мен босқа түс көрмеймін. Сен тұрмысқа шығасың. Ақ көйлекпен көлікте отыр екенсің, қасыңда мен бармын" деді. "Әумин, айтқаның келсін" дедім. Ал күйеуім маған ұсыныс жасағанда бірінші Баянға хабарластым. Ол қуанғаннан жылап жіберді. Өйткені сенің бақытыңа, қуанышыңа ешкім қуанбайды. Сосын Баян "фотосын бізге де жіберме, халықтың адамысың, ешкімге ештеңе көрсетпе. Уақыт келеді, сол кезде танысамыз", - деді талант иесі. 

TikTok
TikTok-та отырсыз ба? Онда бізге жазылыңыз.
Маңызды жаңалықтарды жедел алу үшін жазылыңыз.
Өту→