Алматылық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бармайды

Алматы қалалық әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова 1 қыркүйек демалыс болатынын айтты

Фото: malim.kz

Алматылық оқушылар 1 қыркүйекте мектепке бармайды, деп хабарлайды newsroom.kz

Алматы қалалық әкімінің орынбасары Әсем Нүсіпова 1 қыркүйек демалыс болатынын айтты.

«1 қыркүйек демалыс күніне түскендіктен, балалар демалады. 2 қыркүйекте бәріміз мектепке барамыз», – деді әкімнің орынбасары.

Алматы қалалық білім басқармасы басшысының орынбасары Айдын Сайлаубай да мектеп оқушыларына арналған алғашқы қоңырау 2 қыркүйекте өтетінін атап өтті.

«Қазір білім бөлімімен 1 қыркүйек демалыс күні деп жоспарлап отырмыз. 2 қыркүйекте таңертең алғашқы қоңырау өтеді. Дәстүр бойынша бірінші сыныпқа баратындарды күтіп аламыз. Қаладағы барлық мектептерде алғашқы қоңырау 10-15 минут болады», – деді ол.

Жүктелуде...