Елімізде қанша қазақстандық 85 мыңнан 100 мың теңгеге дейін жалақы алады

Бүгінде Ұлттық статистикалық бюроның мәліметі бойынша орташа жалақы 403 мың теңге

Фото: nur.kz

Еңбек және халықты әлеуметтік қорғау министрлігі Қазақстанда орташа жалақы 400 мың теңгеден асқанын хабарлады. Ең төменгі шекті 85 мың теңге жалақыны 170 мың адам алады, деп хабарлайды newsroom.kz порталы nur.kz-ке сілтеме жасап.

"Бүгінде Ұлттық статистикалық бюроның мәліметі бойынша орташа жалақы 403 мың теңге. Біз мониторинг жүргіземіз. Біздегі мәлімет бойынша 160 мың адам 100 мың теңгедей жалақы алады. Ал 175 мың адам 85 мың теңге көлемінде айлық алады. Бұл білім деңгейі мен жұмыс сапасына байланысты", - деді еңбек және халықты әлеуметтік қорғау вице-министрі Ақмәди Сарбасов. Айта кетсек, бұған дейін министрлік өкілдері маусымда электронды еңбек биржасында 94,4 мың бос жұмыс орны жарияланғанын мәлімдеді. Сәйкесінше, маусымда 88,9 мың түйіндемее жарияланған. 

Жүктелуде...