Қазақстанда оң жақты рульді таксилерге жаңа шешім шығады

Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді

Фото: Жас Алаш

2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап елдегі ең ірі екі такси қызметі рулі оң жақтағы көліктерді платформаларына тіркемейді. Бұл туралы бүгін үкіметтегі брифингте Көлік министрі Марат Қарабаев мәлімдеді, деп хабарлайды newsroom.kz

«2025 жылдың 1 қаңтарынан бастап «Яндекс.Такси» мен Indriver өз платформаларында рулі оң жақтағы көліктерді тіркемейді. Көлік министрлігі мен осы екі компания арасында тиісті келісімге қол қойылған», - деп хабарлады ол.

Министрдің айтуынша, енді осы екі компания жаңа жылға дейін платформадағы рулі оң жақтағы көліктерді анықтап, платформадан алып тастайды. Яғни, олар енді такси қызметін тоқтатады.

Жүктелуде...