Бүгінгі Қазақстан және әлемдегі жаңалықтар | Newsroom.kz RU search
17 тамыз, 2024 / Аман ШАМАР / Аймақтар

Әкімдік қайтыс болған полицейлердің туыстарына көңіл айтты

Олар ішкі істер саласында абыройлы еңбек етті.

Әкімдік қайтыс болған полицейлердің туыстарына көңіл айтты
Фото: gov.kz

Жамбыл облысының әкімдігі облыстық полиция департаментінің капитаны Ғалым Қазбекұлы Арыстанбаев пен полиция аға лейтенанты Абылайхан Саутұлы Абишкеннің қазасына орай отбасы мен туыстарына қайғыларына ортақтасып, көңіл айтады, – деп хабарлайды newsroom.kz

Полиция қызметкерлері ішкі істер саласында абыройлы еңбек етіп, заңдылық пен құқықтық тәртіпті сақтауға күш салды. Сондай-ақ, қоғамдағы әлеуметтік мәселелелерді шешуге де белсене атсалыса білді.

Мемлекеттің тұрақтылығын қамтамасыз етуге, елдің дамуына қомақты үлес қосты.

Олар өз қызметтік міндеттерін адал атқарумен қатар, ұл-қыздарының қорғаны, жанұясының тірегі еді.

Жамбыл облысы әкімдігі тарапынан қызметтік міндеттерін атқару жолында қаза тапқан марқұмдардың отбасыларына қажетті әлеуметтік көмектер көрсетілетін болады.

Мобилді қосымшаны жүктеп алыңыз

NewsRoom.kz қосымшасын жүктеп, жаңалықтардан хабардар болыңыз

Орнату